| Ені жаным еш себепсіз ойлап тұрам, |
| Жаман әдет мен үшін ол болып қалған. |
| Тым тәтті бір сол сәттерді есіме алып, |
| Өмір жолын тек өзіңмен ойлап қойғам. |
|
| Неге сені Алатаудан сұлу көргем, |
| Әрбір айтқан сөзіңе кәміл сенгем. |
| Сезіміме менің күмән болмасын деп, |
| Жүрегімді жүрегіңе байлап қойғам. |
|
| Кездейсоқ кездесіп біз қалсақ көшеде, |
| Көзіңе жас алмашы жарай ма? |
| Ақ көйлек кигеніңді көру маған да, |
| Шыныңды айтшы, жүрек, ұнай ма? |
|
| Көзден жас құлап барад, |
| Жүрегім жылап барад. |
| Төзімің маған шыдай ма? |
|
| Сен менің адамымсың, |
| Алыстап барамысың? |
| Жалғыздық жарасады Құдайға. |
|
| Сен менің адамымсың, |
| Алыстап барамысың? |
| Жалғыздық жарасады Құдайға. |
|
| Артқа тастап қанша алыс болса да, |
| Жол үстімен шығып кеткім келеді. |
| Неге менің өмірімнің жолдары, |
| Қайта саған алып келе береді? |
|
| Сенің есімің жүрегімде жатыр көміліп, |
| Ойымнан кетпей үзіліп, |
| Оралар деген бір үміт, әй бір үміт. |
|
| Кездейсоқ кездесіп қалсақ біз көшеде, |
| Көзіңе жас алмашы жарай ма? |
| Ақ көйлек кигеніңді көру маған да, |
| Шыныңды айтшы, жүрек, ұнай ма? |
|
| Көзден жас құлап барад, |
| Жүрегім жылап барад, |
| Төзімді маған шыдай ма? |
|
| Сен менің адамымсың, |
| Алыстап барамысың? |
| Жалғыздық жарасады Құдайға. |
|
| Сен менің адамымсың, |
| Алыстап барамысың? |
| Жалғыздық жарасады Құдайға. |